Астанада неше бала бірінші сыныпқа барады

Автор: Молдатай Сымбат

Елордада 187 мектеп бар

Фото: freepik.com

Астана мектептерінде 282 150 оқушы оқиды. Биыл бірінші сыныпқа 28 мың баланы қабылдау жоспарда, 24 100 бала қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, қалада 187 мектеп бар. Оның ішінде 110 мектеп – мемлекеттік (233 006 бала), 70 мектеп – жеке (42 674 бала) және 7-еуі – республикалық (6 470 бала).

Бұл туралы 2024 жылдың тамыз конференциясында белгілі болды.

Елорданың білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп (3 - БИП, 8 жайлы мектеп, 1 жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі. Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440 мың орындық 9 мектеп (7 жайлы мектеп, 2 жекеменшік мектеп) қосымша пайдалануға беріледі.

Осылайша, биыл жыл соңына дейін үш ауысымда оқитын 6 мектептің, бала саны шамадан тыс 9 мектептің мәселесі шешілді. Ал үш ауысымда оқитын 2 мектептің және бала саны шамадан тыс 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі 2025 жылы шешіледі.

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың орындық (2024-2025 жж.) 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл (6 мектеп) және Нұра (9 мектеп) аудандарында орналасады.

«2024 жылға барлығы 33 білім беру нысанында жөндеу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізілсе, 31 мектепке ағымдағы жөндеу жұмытары жасалды. Бүгінгі таңда 25 білім мекемесінде барлық жұмыстар аяқталды қалған 8 мекеме жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады», - деді Қасымхан Сенғазыев.