Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Әли Ерлікая мәлімдеді
Түркияда заңсыз иммигранттармен күресу мақсатында елге кіретін барлық шетелдік азаматтың саусақ іздері алынады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікая мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sabah-қа сілтеме жасап.
«Түркияға кірген кезде АҚШ пен Ұлыбританиядағыдай саусақ іздері алынады», - делінген басылымда.
Алайда, бұл өзгеріс қашаннан бастап іске қосылатыны белгісіз.
Сондай-ақ, министр уақытша қорғау мәртебесін алғандардың жеке куәліктерін чиптеу жоспарланғанын хабарлады. Бұл шара, әсіресе, Сириядан келгендерге әсер етеді.
Айта кетерлігі, Түркияда 4,4 миллионнан астам шетелдік азамат, оның ішінде 3 миллионнан астам Сирия азаматы бар.