Келісімшартқа ресми түрде қол қойылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен кездесу өткізді. Тараптар Астанада Euronews Орталық Азия бойынша өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Достар, сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Бүгін Euronews-пен келісімшартқа ресми түрде қол қойылды! Бұл Астанадағы Орталық Азия Euronews хабының бастауы болады. Және Қазақстанды әлемге паш етудің бірегей мүмкіндігі»,- деп жазды Аида Балаева.
Euronews командасы жақын арада қазақтың өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы modern nomads телешоуын, елдегі іскерлік және экономикалық оқиғаларды, «Орталық Азиядан шыққан дауыстарды» - өңірдің белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, ірі өңірлік іс-шараларды және оқыту тренингтерін өткізуді қамтитын «Шығыс пен Батыстың байланысы» бағдарламасын, бірқатар репортаждарын көрсетуді жоспарлап отыр және отандық БАҚ және баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін шеберлік сабақтарын өткізбек.
«Бұл Қазақстан үшін де, Euronews үшін де өте маңызды қадам. Мен қазақстандық тараптан бұл Астанада хаб құратын алғашқы ірі халықаралық жаңалықтар ойыншысы екенін түсінемін. Бұл елдің әлемге қаншалықты ашық екенін көрсетеді. Euronews тұрғысынан біздің шығысқа қарай қанат жайуымыз. Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы және біздің Еуропа елдерінде ғана емес, континенттен тыс жерлерде бар екенімізді көрсетеді. Біз бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиард көрермендері бар арнамыз, сондай-ақ Орталық Азияда шығуымыз көптен бері жоспарланған болатын», - деп атап өтті Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид.
Euronews биыл қыркүйек айында Астанада өтетін, ауқымды халықаралық оқиға болатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыының ақпараттық серіктесі болу туралы бастама көтерді.