Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өтіп, бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

Ал Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.