Су NASA-ның Mars Insight Lander аппаратының көмегімен анықталды
Марс топырағынан сұйық күйде су табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Ол 10-20 шақырым тереңдікте жасырылған. Деректерді талдауға Марста 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан NASA-ның Mars Insight Lander аппаратының материалдары мүмкіндік берді.
Қону қондырғысының бортында планетаның тереңдігіндегі тербелістерді — Марс жер сілкіністерін тіркейтін сейсмометр бар. Ол жер сілкінісін және Марс қозғалысының ерекшеліктерін талдауға, «сейсмикалық су сигналдарын» анықтауға көмектескен.