Ақмола облысында мемлекеттік грант беру кезінде заң бұзу фактілері анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Фото: istockphoto.com

Біржан сал ауданы прокуратурасы жас кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант берер кезде талаптарды негізсіз асыра бағалау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Мысалы, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып,  гранттар беру туралы шарттарда 5 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның талабы бойынша бизнес-идеяларды іске асыру туралы ақпарат пен құжаттарды беру туралы міндеттемелер белгіленді. Алайда талаптарда тоқсан сайын ғана белгіленген.

«Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, шарттарға қосымша келісімдер жасасу арқылы 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.