«Жеңіске жеткенімді елге келгенде сезіндім»: Назым Қызабай елге оралды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Қазақ еліне алғысын білдірді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі, 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері елге оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері күтіп алды. Францияда ел абыройын асқақтатқан боксшыға құрмет көрсетіліп, көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды.

«Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыларым жақсы дайындап, қола медальға қол жеткіздік. Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс», - деді ол.