Астанада Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарын жалғайтын көше уақытша жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған аумақта жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз сарайы тарапынан «Астана Арена» маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатының төсемі бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осыған байланысты, биыл 12-13 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық болады және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.