Жуырда Баян Мақсатқызы үшінші сәбидің анасы атанғаны хабарланған
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайы Баян Мақсатқызының тыйымы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпкер өз сөзінде, әйелі Баян Мақсатқызы өзіне сыра ішуіне тыйым салған. Сол сияқты ол Шымкенттегі сыра зауытындағы жұмыс барысы туралы пікір білдірді.
«Бұл мен үшін жауапкершілігі жоғары кәсіп. Оны жақсы білемін. Жалпы сыраны тұтынушылардың сұранысы бойынша дайындаймыз. Ал маған Баян Мақсатқызы сыра ішуге тыйым салған. Дегенмен, бизнес үшін дегустация жасап, дәм татып көрейік. Керемет иіс шығып тұр. Тура нанның иісі бұрқырап тұр. Алдағы уақытта алкоголі жоқ сыра жасауды ойлап жүрміз. Бірақ ол әдеттегі алкоголі бар сыраға қарағанда қымбатырақ болады», – деді ол.
Айта кетейік, жуырда Баян Мақсатқызы үшінші сәбидің анасы атанғаны хабарланған.