Ол 8 тамыз күні үйінен шығып кеткен
Қостанай облысында 71 жастағы ер адам жоғалып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Qostanay.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамды іздеу жұмысы туралы еріктілер хабарлады.
Рудный тұрғыны 8 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, әлі күнге дейін оралмағаны туралы хабарланды.
Белгілері: орташа денелі, бойы – 176 см, шашы қысқа.
Киімі: қара күртеше, сұр жейде, қара-сұр трико және көк кроссовкалар киген.