Олимпиада-2024: франциялық желаяқ жарыс кезінде есінен танып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшыны эвакуациялау үшін жарыс жолына шыққан дәрігерлер бригадасы жарысты бұза жаздады

Фото: AFP

9 тамыз күні Парижде әйелдер арасында 10 000 метрлік марафон өтіп, жарыста кениялық Беатрис Чебет топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс кезінде оқыс оқиға болды: франциялық желаяқ Алессиа Зарбо 25 минут жүгірген соң есінен танып жатты.

Спортшыны эвакуациялау үшін жарыс жолына шыққан дәрігерлер бригадасы жарысты бұза жаздады.