Жер асты дүмпуі Астана уақытымен Қырғызстан аумағында сағат 10:26-да болған
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,4 жер сілкінісі Астана уақытымен Қырғызстан аумағында сағат 10:26-да болған.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Тараздан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым және Қырғызстанның Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан.