Бұршақ тескен: Air Astana компаниясының 4 ұшағы істен шықты

Автор: Молдатай Сымбат

Әуе компаниясы рейстер кешігуі мүмкін екенін ескертті 

Фото: Air Astana

9 тамыз күні рейстер кешігуі мүмкін. Air Astana әуе компаниясының 4 ұшағы зақымдалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейстердің кешігу себебі – 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақ салдары.

«Қазіргі уақытта әуе компания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді», - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жолаушылардан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын тексеруін сұрады.