Елімізде 1-сыныпқа 336 мыңнан астам оқушы қабылданды

Автор: Молдатай Сымбат

Мектепке құжат қабылдау жалғасып жатыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Бүгінде 1-сыныпқа 336 000 астам оқушы қабылданды.