Астанада 17 автобустың бағыты өзгерді

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл тек бір тәулікке арналған өзгерістер

Фото: Azattyq Rýhy

9 тамызда Астанада «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммиті, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуі өтеді. Маңызды шараға байланысты қоғамдық көлік маршруттары қозғалысына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, келесі бағыттардың маршруттары уақытша өзгертілді: № 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203.

Өзгертілген қозғалыс схемасымен сілтеме арқылы танысуға болады.