Зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады
Елдос Сметов аудан әкімі мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Тараз24 арнасына сілтеме жасап.
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т.Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионын бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов чемпионға су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ал Елдос Сметов спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді.
Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.