Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс 2 сағатқа кешіктірілді
Елордадағы қатты желден Астана-Атырау бағытында ұшқалы тұрған ұшақ зақымданып, рейс кешіктірілуде. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған. Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше 2 сағатқа кешіктірілді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін бүгін Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып, елордалықтарды әбігерге салғанын хабарлағанбыз.