Айгүл Маликова Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Автор: Молдатай Сымбат

Ол идеология мәселелеріне жауапты

Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен 2024 жылғы 8 тамыздан бастап Айгүл Қайыртасқызы Маликова Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айгүл Қайыртасқызы 1976 жылы туған. «Биология және химия», «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар.

1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастады.

2010-2018 жылдары Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі мен № 17 мектебін басқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының Кәсіподақ орталығында, «AMANAT» партиясының ПҚФ, Павлодар қаласының білім бөлімі мен әкімі аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2023 жылғы сәуірден бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «AMANAT» партиясының ПОФ атқарушы хатшысы болды.