Боксшымыз финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілді
Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрбек Оралбай финалдық кезеңде украиналық Александр Хижняктан жеңіліп, күміс медальді еншіледі.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңсе, ширек финалда Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктірген болатын.
Сонымен, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.