Алматы облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Желіде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын көшені жөндеп жатыр деген ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілерде бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы, Іргелі ауылының көшелері жаңартылды деген бейнероликтердің таралуына байланысты, ақпарат жалған және шындыққа жанаспайтынын еске саламыз.Біз жұртшылықты әлеуметтік желілерде таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деп хабарлады әкімдіктен.