Тоқаев Өзбекстан президентін елорда әуежайында күтіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Мирзиеев елімізге мемлекеттік сапармен келген

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.