Назым Қызайбай - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жартылай финалда қытайлық Ву Юға есе жіберді

Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының финалына өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жартылай финалда қытайлық Ву Юға есе жіберді.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының алғашқы жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жеңді. Екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Валенсия Виктория Ингрит Лоренаны жеңіп, жартылай финалға жетті.

Айта кетелік, бұл – Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары. Спортшы әлем чемпионатында 2 рет топ жарды. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.