Париж-2024: Демеу Жадыраевтың жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол әзербайжан жігіті Санан Сулеймановпен белдеседі

Фото: ҰОК

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен жартылай финалда Демеу Жадыраевтың кіммен белдесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Отандасымыздың қарсыласы – әзербайжан жігіті Санан Сулейманов.

Сулейманов 2022, 2023 жылдардағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Ал Демеу 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған спортшы. Былтырғы әлем чемпионатында Санан Демеуден 5:1 есебімен басым түскен болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Демеу Жадыраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовты жеңген болатын.