Баянауылда қарақұрт қаптады: төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Қарақұрт шаққан адам қатты уланып, кейде өліп кетеді 

Фото: pixabay.com

Баянауылда қарақұрт қаптауына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық парк қызметкерлері Торайғыр көлінің аумағында қарақұрт көбейіп бара жатқанын хабарлады. Қызметкерлер оларды күн сайын қолмен жинап, жойып жатқанымен одан нәтиже жоқ.

Павлодар облысы ТЖД комиссияның кезектен тыс отырысын өткізеді.

«Зерттеу барысында Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайтын болады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, қарақұрт шаққан адам қатты уланып, кейде өліп кетуі де мүмкін.