Колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі

Автор: Azattyq Rýhy

43 мың теңгеге артады

Фото: istockphoto.com

1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 43 мың теңгеге артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп отыр. Биыл 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай- ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.