Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3920 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жұқтырудың жаңа деректері Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарында тіркелген

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңа 7 оқиғасы тіркелді деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Коронавирустық инфекция жұқтырудың 7 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде: Батыс Қазақстан облысында – 1, Атырау облысында – 4, Жамбыл облысында – 1 және Шығыс Қазақстан облысында 1 адам», - делінген аталған хабарламада.

Осылайша елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 3920 адамға жетті. Олардың ішінде 1084 адам ауруынан айығып шыққан. Ал, 27 науқас көз жұмды.