Елдің 29 округі топан су астында қалды
Кенияның батысындағы су тасқынынан 1800-ге жуық отбасы баспанасынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Апаттан 116 адам мерт болды. Із-түзсіз жоғалғандар да бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта бірнеше күн жауған толассыз жауын тасқынға ұласқан. Өңірдегі Нзоия өзені де арнасынан тасып кеткен. Табиғат апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындары қайықпен эвакуацияланды. Елдің 29 округі топан су астында қалды.
«Мүлкімізді су шайып кетті. Техникамыз жарамсыз болып қалды. Өзіміздің де баратын жеріміз қалмады. Қазір бұл жерде тұру мүмкін емес», -дейді жергілікті тұрғындардың бірі.