Париж-2024: Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол  украиналық Александр Хижнякпен алтын медаль үшін таласады

Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оралбай украиналық Александр Хижнякпен алтын медаль үшін таласады. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті жеңді.

Финалдық жекпе-жек 8 тамыз, бейсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 01:51-де басталады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай қазіргі әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы өткен жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем біріншілігінде жеңіске жеткен.

Ал Оралбайдың қарсыласы Александр Хижняк Токиода (Жапония) өткен 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.