Алматыда алты жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Алмалы ауданында болды

Фото: freepik.com

Алматыда алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ оқиға бүгін таңертең Алмалы ауданында болғанын хабарлады. 

«Түрлі жарақаттары бар қыз бала ауруханаға жатқызылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған дейін хабарланғандай, Семейде төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болды.

ТЖМ еске салады: 

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торы құлаудан қорғамайды; 
  • Балаларға балконға ересектерсіз кіруге рұқсат бермеңіз.