Екі жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Алматыға табыс табу үшін кеткен

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Шу қаласының екі жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғыны тірі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lider.kz Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды

Белгілі болғандай, 1999 жылы туған Бабакин Николай Алматыға табыс табу үшін кеткен, ал 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жас жігіт іздестірілгенмен, нәтиже болмаған. Арада екі жылдан кейін жоғалған адам табылды.