Белгілі болғандай, құбырдан ақау шыққан
Павлодарда жер астынан су атқылап, бірнеше үй сусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Павлодар-водоканал» ЖШС-ның мәліметінше, қалалық мердігер «Алан Сапа» келісілмеген жер жұмыстарын жүргізген. Жұмыс барысында Ак. Сәтбаев көшесі бойында диаметрі 500 мм құбырда ақау шыққан.
Соның салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен ұйымдар сумен жабдықтау қысымы төмендеді. Ал тұтынушылардың бір бөлігі сумен жабдықтаудан уақытша ажыратылады. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.