Ол спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша сынға түсті
Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).