Алматыда төрт жасар бала 15-қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Алматы қаласының Алатау ауданында болған

Фото: freepik.com

Алматыда төрт жасар бала 15-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, оқиға Алматы қаласының Алатау ауданында болған.

ТЖМ мынаны тағы да еске салады:

  • бөлмеден шыққан кезде терезені ашық қалдырмаңыз;
  • терезелерге құлпы орнатыңыз;
  • дивандар мен орындықтарды терезенің жанына қоймаңыз;
  • москит торы құлаудан қорғамайды.