Темекі партиясын халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпек болған
Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметінің қызметкерлері контрабандалық темекінің ірі партиясын тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, 2024 жылғы 3 тамызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті.
«Ілеспе құжаттары жоқ темекі өнімдерін халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпекші болған.
Жүк одан әрі қарау үшін тиісті органғаберілді», - делінген хабарламада.