2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Бүгін Қазақстанда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Талапкерлер грант тізімінен аты-жөнін көріп, қуанышты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныбын 11 133 түлек бітірді. Оның ішінде 294-і «Алтын белгі» иегері, 704-і үздік аттестатпен аяқтады.
Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.