Роман Скляр ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Роман Скляр елдегі индустриялық жобаларды жүзеге асыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ энергетика, көлік, мұнай-газ және металлургия салаларындағы жаңа инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады. Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық, инвестиция тарту және шетелдік серіктестермен ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
– жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты, сондай-ақ 30 миллиард текше метр газ өндірілген;
– осы жылдың соңына дейін 128 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 61,8 пайызға жетеді;
– қазіргі кезде 309 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен 154 миллиард теңге жұмсалады;
– сонымен қатар биыл жалпы сомасы 327 миллиард теңгеге 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған;
– кеңес қызметін қайта құрылымдаған сәттен бастап жалпы сомасы 40 миллиард долларға жуық 77 инвестициялық жобаның түйткілді мәселелері шешімін тапқан;
– бұл ретте машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, тау-кен, металлуругия кешені, энергетика, жер қойнауын пайдалану салаларындағы қосылған құны жоғары жобаларға айрықша мән беріліп отыр.
Президент қабылданып жатқан шаралардың маңызды екеніне назар аударып, аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.