Тұтқындардың арасында екі бала бар
Бейсенбі күні Мәскеу мен Вашингтон ауқымды тұтқындармен алмасу процесін жүргізуде. Бұл туралы батыс ақпарат құралдары өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Түрік барлауы Ресей мен Беларусь тарапынан АҚШ, Германия және Словенияға қарсы 7 елдің 26 тұтқынымен ауқымды алмасуды үйлестіріп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін CBS телекомпаниясы алмасу тізімінде 24 адамның бар екенін хабарлаған болатын.
The Insider басылымы Ресей мен Беларусьтен босатылғандардың тізімін жариялады. Олардың қатарында: Илья Яшин, Владимир Кара-Мурза, Алсу Курмашева, Андрей Пивоваров, Олег Орлов, Александра Скочиленко, Лилия Чанышева, Ксения Фадеева, Эван Гершкович, Рико Кригер, Кевин Лик, Демури Воронин, Вадим Останин, Патрик Шёбель, Пол Уилан және Герман Мойжес.
Алмасу нәтижесінде Ресей Вадим Красиковты, Артем мен Анна Дульцевтерді, Павел Рубцовты, Роман Селезневті, Владислав Клюшинді, Михаил Микушинді және Вадим Конощенканы алды.
Түрік телеарнасы NTV-дің мәліметінше, алмасу Анкарада өтті: 10 адам Ресейге, 13 адам Германияға және 3 адам АҚШ-қа ұшып кетті. Арна мәлімдегендей, олардың арасында екі бала бар. Бұл Артем мен Анна Дульцевтердің балалары болуы мүмкін.
CNN Мәскеу мен Вашингтон арасындағы келіссөздер «тыныш және күрделі» болғанын, сондай-аұ бірнеше айға созылғанын атап өтті.
Bloomberg ақпарат агенттігі анонимді дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресейдің америкалық The Wall Street Journal газетінің тілшісі Эван Гершкович пен бұрынғы теңіз жаяу әскерінің мүшесі Пол Уиланды алмасу аясында босатқанын хабарлады.
Bloomberg мәліметінше, Ресейде тыңшылық айыбы бойынша сотталған америкалықтар қазіргі уақытта Ресейден тыс жерлерге бара жатыр, ал АҚШ пен оның одақтастары Ресейге олардың тұтқындарын қайтарады.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ арасында тұтқындармен ауқымды алмасу туралы БАҚ-та пайда болған хабарламаларға түсініктеме беруден бас тартты.