Астанада әуежай қызметкерлері ұшаққа зақым келтіріп, рейстер кешіктірілуде

Автор: Azattyq Rýhy

Салдарынан 20 рейс кейінге шегерілді

Фото: istockphoto.com

Астана әуежайында әуежай қызметкерлері SCAT авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағының фюзеляжына зақым келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осының салдарынан әуекомпания 20 рейстің ұшу кестесін өзгертуге мәжбүр болды.

«Жолаушылардан түсіністікпен қарап, смс-хабарламаларды қадағалауды немесе SCAT.kz сайтында рейс мәртебесін тексеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.