Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі хабарлады
Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында елорданың жекелеген көшелерінде:
«Осы жылдың 3 тамызында дайындық аясында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс - шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.