Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 1100-ден асты

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін қалада бір күнде 89 адамнан вирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Кеше Алматыда 114 адамнан, ал бүгін 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

​«Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келгендер. Олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды. Ал қалғандары тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар», - деп жазылған хабарламада.

​Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.

​«Инфекциялық стационарларда 1015 адам емделіп жатыр, оның ішінде 39-ы бала. Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адам орташа ауыр күйде жатыр. Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үй карантинінде 11846 адам бар. Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан жазылып шықты», - деп жазылған хабарламада.