«Ол бұл уақытты тура 21 жыл күтті»: Ғұсман Қырғызбаевтың бауыры қуанышын жасыра алмады

Автор: Azattyq Rýhy

Дзюдошы Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жеңген сәтін спортшының отбасы тікелей эфирден көріп, ерекше қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазспорт телеарнасына сілтеме жасап.

Дзюдошының туған бауыры Ғұсманның бұл жеңіске ұзақ дайындалғанын айтып, қуанышын жасыра алмады. 

«Ғұсман бұл уақытты тура 21 жыл күтті. Таңнан кешке дейін аянбай еңбек етті. Отбасымызда Олимпиаданың бір жүлдегері пайда болды», - деді спортшының бауыры.