Париж-2024: Үстел теннисінен Кирилл Герасименко қарсыласынан басым түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Герасименко Португалия не болмаса Германия қүрамасының спортшысымен кездеседі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы бірінші ойында қарсыласын басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз чилилік атлет Николас Бургосқа еш мүмкіндік бермеді. Есеп 4-0.

Келесі матчта 1/32 айналымда Герасименко Португалия не болмаса Германия қүрамасының спортшысымен кездеседі.