«Үміт артқан қазақ елінен кешірім сұраймын»: Әбиба Әбужақынова Олимпиададағы жеңілісінен кейін сұхбат берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама дзюдошысы жартылай финалда щвециялық спортшыдан жеңілді

Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 кг) Париж Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазспорт телеарнасына сілтеме жасап.

 Ұлттық құрама дзюдошысы жартылай финалда щвециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған еді.

«Қарсыласым жарақатымды біліп, әдейі қайта-қайта тепті. Барымды салдым, бірақ болмады. Алдағы Олимпиадаға барынша дайындаламын. Үміт артқан қазақ елінен кешірім сұраймын», - деді спортшы.