Рейс аптасына 3 рет орындалады
Астана әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты, 8 тамыздан бастап Алматы-Қарағанды тікелей рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейс елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.
«КС 311 рейсінің Алматыдан Қарағандыға 21.20-да ұшып кетіп, Қарағандыға 22.50-де келуі. КС 312 кері рейсі Қарағандыдан Алматыға 23.50-де ұшады және Алматыға 01.20-да келеді. Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 30 минут. Эконом-кластағы алымдармен бірге барып қайту билеттердің ең төменгі құны 35 179 теңге, бизнес-класта - 104 529 теңге», - делінген ақпаратта.