Билеттің ең төменгі құны – 384 600 теңге
10 қыркүйектен бастап ұшатын Шымкент-Жидда жаңа тікелей рейсіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Рейс сейсенбі мен жұма күндері Airbus А320 әуе кемесінде орындалады.
«КС 235 рейсінің Шымкенттен 09.30-да ұшып шығып, Жиддаға 13.05-те ұшып келеді. КС 236 рейсінің Жиддадан Шымкентке 15.35-те ұшып шығады, Шымкентке сағат 23.00-де жетеді. Мұнда әуежайлардың жергілікті уақыты көрсетілген. Ұшу ұзақтығы - 5 сағат 35 минут. Эконом-кластағы барып қайту билеттердің ең төменгі құны алымдардың барлығын қосқанда 384 600 теңге, бизнес-класта - 864 309 теңге», - деп хабарлады әуе компаниясы.
Естеріңізге салайық, бұл елімізден Жиддаға алғашқы әуе рейсі емес. Алматыдан бейсенбі және жексенбі күндері – аптасына екі рет осы бағыт бойынша рейс бар.