Мешіт құрылысы 2011 жылы басталыпты
Орынбор облысы Түлған ауылында Әлия Молдағұлованың құрметіне мешіт ашылды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлия мешіті 2011 жылы салына бастады, алайда жобалаудағы қателікке байланысты мешітті бөлшектеп, қайта салуға тура келді. Міне, енді көпшілікке мешіт есігін айқара ашты», - деп жазды губернатор-лейтенант Игорь Сухаревтің телеграм арнасы.
Қазақтың қайсар қызы, мерген Әлия Молдағұлова атындағы мешітті ашу құқығы Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер және Бас мүфти Талғат Тәжуддинге берілді.