Ардагерлер саябағында элиталы коттедж қалашығы салына жаздаған
Саябақтың жері түгел мемлекет меншігіне қайтарылды

Талдықорғанда «Ардагерлер саябағы» сот шешімімен мемлекет меншiгіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының «Ардагерлер саябағының» 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды. Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған)», - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.