Билетсіз жолаушыны пойызға мінгізген бастық пен жолсерік жұмыстан шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде

Фото: rail-news.kz

ҚТЖ билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне байланысты теміржол вокзалдарында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның мәліметінше, Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен.

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде.