Қазіргі уақытта оған екі бап бойынша күдік келтірілуде
Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинге тағы екі бап бойынша күдік келтіріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің хабарлауынша, Ерғожинге қатысты тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта оған ҚР ҚК-ның 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы, яғни «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)» және ҚР ҚК-нің 366-бабының 4.4-бөлігі – «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қүдік келтіріледі.
Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.