Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады
Алдағы үш күнде Қазақстанда +45 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМҚ хабарлауынша, әсіресе оңтүстікте күн қызады. Оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін және шығыста 37 градусқа дейін ыстық болады. Қалған аймақтарда күн суытады.
Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Қонаев, Алматы қалаларында қатты ыстық күтіледі.